Әке - алтын діңгек

2025 жылдың 13 маусым күні Әкелер күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Әке-алтын діңгек» атты тақырыптық сағат ұйымдастырылды.

      Мақсаты: Бала тәрбтесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, әкені құрмет тұтып, адалда парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, әкенің балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

         Әр отбасындағы әкенің ролі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез -құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерімен-білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке-асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға-сыншы» -дейді халқымыз. «Бір бала бар -атаға жете туады, бір бала бар атадан өте туады» - деген халқымыздың дана сөзі бар. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, «Әке-алтын діңгек» кітап көрмесі ұйымдастырылды.