Кең жүрек-кең әуен

      2026 жылдың 11 ақпан күні Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Кең жүрек-кең әуен» атты музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығын насихаттау; композитор әндерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру;

     Кеш барасында кітапханашы композитордың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп өтіп, әндердің шығу тарихы туралы қысқаша бейнеролик көрсетті. Шараға арнайы құрылған кітап көрмесімен таныстырылды. Кеңес Дүйсекеев – қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосқан талантты композитор. Оның әндері халық жүрегінен орын алып, уақыт өткен сайын құндылығын жоғалтпай келеді. 80 жылдық мерейтойына арналған бұл кеш жас ұрпақтың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырып, өнерді құрметтеуге тәрбиелейді. Композитор мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы.