Кемеңгер жазушы

Елбасының  «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  2018 жылдың 23 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында  Қазақстанның Халық Қаһарманы,  Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек  батыры,  әйгілі партизан,  халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті  Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған  ««Кемеңгер жазушы» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке қаладағы Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Мақсаты :  Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдеби кеште оқырмандарға Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен  кітапхана әдіскері  Ш.Козыгельдиева  таныстырып  өтті. Қазақстанның  халық қаһарманы, атақты  партизан,  әрі  жазушы  Қасым  Қайсенов 1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. Батыр атамыз 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.

Іс-шара барысында Қ.Қайсенов жайлы презентация және «Қасым» киносынан үзінді көрсетілді.

1 IMG_8556 IMG_8561 IMG_8562 IMG_8566 IMG_8573 IMG_8623 index