Халық қаһарманы

2023 жылдың 18 сәуір күні кітапхананың «Білім» орталығында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың туғанына 105 толуына орай « Халық қаһарманы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Әдеби кеште оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Г.Тельтаева Ұлы Отан соғысының қатысушысы, халық батыры Қасым Қайсеновтың өмірбаяны туралы әңгімелеп берді. Қасым Қайсеновтың жетістіктері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен кейін аяқталмады. Ол өзінің шығармашылығымен қазақтың данқын шығаруда және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде қосқан үлесі зор. Әдеби кеште оқырмандар жазушы Қ.Қайсеновтің «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Соғыстың соңғы зардабы» атты шығармалары туралы пікір алмасты. Іс-шара соңында «Халық қаһарманы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, бейнеролик көрсетілді.