«Халық игілігіне қызмет еткен күрескер»

Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов — (25 сәуір 1895 жылы - 25 қыркүйек 1937 жылы) - ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Нығмет Нұрмақов берік қалыптасқан интернационалист болды. Ол туған республика жетістіктерін бүкіл совет елінің табыстарымен тығыз байланыста қарады. Оның Одақтық үкімет алдына қойған бірқатар маңызды ұсыныстары терең дәйектілігімен назар аударды. Мәселен, астықты аудандардың бірі ретінде Қазақстанның ролін арттырудың қажеттігін мәселе етіп қойды. Партиялық және мемлекеттік жұмыстың қай саласында жүрсе де барлық күш-жігерін, ұйымдастырушылық дарыны мен білімін жаңа құрылыс ісіне аянбай жұмсады.