Халық игілігіне қызмет еткен күрескер

2025 жылдың 25 сәуірінде кітапхананың «Білім» орталығында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Халық игілігіне қызмет еткен күрескер» атты еске алу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Оқырмандарға Нығмет Нұрмақовтың өмірбаяны таныстырылып, бейнеролик арқылы атқарған қызмет жолы көрсетілді. Сонымен қатар, қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.