Халық жадында қайта жаңғырған ұлы есім

2024 жылдың 12 наурыз күні кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдарбек Найманбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Халық жадында қайта жаңғырған ұлы есім» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Мақсаты: Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдарбек Найманбаев туралы ақпарат беру. Шығармашылық жолын таныстырып оқырмандарға өз қаламынан шыққан әдебиеттеріне шолу жасау. Әдебиетті сүюге баулу. Іс-шара барысында жазушы Қалдарбек Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы айтылды. «Халық жадында қайта жаңғырған ұлы есім» атты кітап көрмесі таныстырылып, талқылау жүргізілді.