Халық жүрегіндегі есім

2026 жылдың 27 тамыз мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі есім» тақырыбында ақпараттық-тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық қызметін кеңінен насихаттау, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтауға қосқан еңбегін таныту, жас ұрпақтың бойына елжандылық пен ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Кеш барысында Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы, ел тарихы мен мәдениетін дамытудағы ерен еңбегі туралы ақпарат берілді. Қайраткердің қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық өнері мен тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту бағытындағы қызметі кеңінен сөз етілді. Сонымен қатар оның тағылымды ойлары мен өнегелі өмір жолынан сыр шертіліп, қатысушыларға тұлғаның ел үшін атқарған еңбегі туралы бейнематериалдар ұсынылды.