Халқым деп соққан жүрегі
9 шілде күні кітапханада Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі Ж.Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Халқым деп соққан жүрегі» тақырыбында әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
Іс-шараға қаламыздың мекеме қызметкерлері қатысып, оларға «Халқым деп соққан жүрегі» атты кітап көрмесі таныстырыла отырып, жазушының өмір баяны, шығармашылықтары және басқада қызықты деректер айтылып өтті.