«Халықтың жаны – домбыра»
2019 жылдың 21 маусым күні «Приозерск қаласы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде композитор, әнші, ақын Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Халықтың жаны - домбыра» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Дүлдүл ақын К.Әзірбаевтың өмірі, шығармаларымен танысып, үлгі-өнеге алу,ақын жолын жалғастыру;
Биылғы жылы дүлдүл ақын, әнші, сазгер, күйші Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толып отыр. Қазақтың қара домбырасын қолына ұстаған Кенекең саналы ғұмырын сөз маржанын теруге,әуезді ән мен жыр шығаруға арнаған жан. Қазақ әндерінің алтын қорына енген К.Әзірбаевтың 150-ден астам әндері,17 дастаны, бірнеше күйлері,мыңға тарта өлеңдері, бүгінде ұлт мақтанышы,халық қазынасы.
Кітапханашы оқырмандарға ақын туралы қысқаша мағлұмат берді. Іс-шара барысында «Тоқсан жастағы тарлан» атты презентация көрсетілді.