Қожа Ахмет Яссауи-рухани тұлға

2023 жылдың 20 қаңтар күні қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауидің туғанына  930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Яссауи-рухани тұлға» ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: білімпаз ғалым, ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі жайлы мағлұмат беру. Кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысқан іс-шарада кітапханашы Қожа Ахмет Яссауи туралы ақпарат беріп, кітап көрмесімен таныстырды.