Кәмен ұстаз-кемел ұстаз

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам қайраткері Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл толуына орай кітапханада «Кәмен ұстаз-кемел ұстаз» атты танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

      Кеш барысында қаламгердің өмірбаяны, әдебиеттегі орны мен қоғамдағы рөлі жан-жақты қамтылды. Оқырмандар назарына автордың «Абай ауылына саяхат», «Абайдан соң» сияқты көркем шығармалары ұсынылды. Кәмен Оразалиннің туындылары – қазақ тарихының, ел тағдыры мен тұлғалық болмыстың көркем көрінісі. Танымдық кеш жазушы шығармашылығына терең бойлауға, оның рухани мұрасын жаңаша қырынан тануға мүмкіндік береді. Шара соңында «Кәмен ұстаз-кемел ұстаз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.