Книга-неисчерпаемое сокровище

2025 жылдың 17 сәуір күні қалалық кітапхананың оқу бөлімінде Ұлттық кітап күніне орай «Кітап-сарқылмас қазына» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: кітапқа деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту, мейірімділікке баулу;
Алға басқан сайын кітап айнымас серігіміз болып қалатынын, кітаптан көп үлгі - өнеге алатынымызды жеткізу. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар», - деген халық даналығы бекер айтылмаған. Кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екенін оқырмандарға жеткізу. Сонымен қатар кітап көрмесі де ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.