Кітап әлемі

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 21 сәуір күні кітапхананың «Білім» орталығында №1 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, сонымен қатар «кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңдіру. Шара барысында оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева кітап тарихына шолу жасап, оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер сайысына белсене қатысты. Кітапхананың пайдаланушылары мен оқырмандары үшін түрлі тақырыптық, қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

 

12 11 9 8 6 5