Көркем сөздің кеменгері

2025 жылдың 24 сәуірінде «Білім» орталығында жазушы, әдебиеттанушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Көркем сөздің кеменгері» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Оқырмандарға Сәбит Мұқановтың өмірбаяны таныстырылып, бейнеролик арқылы жазушының шығармашылық жолы көрсетілді.
Оқырмандар Сәбит Мұқановтың шығармаларынан үзінділер оқып, алған әсерлерімен бөлісті және сұрақтар қойылып кері байланыс берілді. Сонымен қатар, әдебиеттанушы Сәбит Мұқановтың кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды