Көркем сөздің тарланы
2018 жылдың 22 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қазақ әдебиетінің классик жазушысы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдық мерейтойына орай «Көркем сөздің тарланы» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Такен Әлімқұловтыңөмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кеш жазушының өмірі жайлы деректермен басталып, оқырмандар шығармалары мен еңбектері туралы слайд арқылы тамашалады. Тәкен Әлімқұлов (1918–1987) 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас алаш») ауысады. Іс-шара соңында кітапханашы «Тұлпардың тағдыры» атты кітап көрмесімен таныстырды.