Көркем сөздің тарланы
2023 жылдың 29 қараша күні қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Көркем сөздің тарланы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Такен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
Шара жазушының өмірі жайлы деректермен басталып, оқырмандар шығармалары мен еңбектерімен танысты. Тәкен Әлімқұлов (1918–1987) 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас алаш») ауысады. Іс-шара соңында кітапханашы «Көркем сөздің тарланы» атты кітап көрмесімен таныстырды.