Кітап – өмір айнасы
21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре» апталығы аясында «Кітап – өмір айнасы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, рухани құндылықтарды насихаттау және жастарды кітап оқуға баулу.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, түрлі танымдық және қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, білім деңгейі және белсенділігі артты. Сонымен қатар, «Кітап – өмір айнасы» тақырыбында дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сүйікті кітаптары жайлы пікір алмасты. Тақырыптық кеш соңында оқушылар кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екеніне көз жеткізіп, кітап оқуға деген қызығушылықтары артты. Іс-шара мазмұнды да әсерлі өтіп, оқушыларға рухани азық сыйлады.