Кітап – рухани азық

       23 сәуір – Кітапханашылар мен Ұлттық кітап күні мерекесіне арналған «Артық ғылым кітапта...» апталық аясында, 16 сәуір күні кітапханада «Кітап – рухани азық» атты ашық есік күні өтті. Кішкентай оқырмандарымыз үшін бұл күн ерекше әсерлерге толы болды! Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорын таныстыру және балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау. Кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Шара барысында: Балалар бөлімінің сиқырлы әлеміне экскурсия жасалды. Оқырмандар кітаптардың қалай сақталатынын және оларды қалай таңдау керектігін үйренді. Балалар бөліміндегі ең қызықты, түрлі-түсті ертегілер мен танымдық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кітаптағы кейіпкерлер экранда жан бітіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған арнайы мультфильм көрсетілді. Ашық есік күнінің нәтижесінде көптеген бүлдіршіндер кітапханаға оқырман болып тіркеліп, өздеріне ұнаған кітаптарын үйге оқуға алды