Кітап-тарих,шежіре!

2018 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап-тарих,шежіре!» атты мерекелік шара өткізілді. Іс-шараға № 2 мектептің 9-8 сынып оқушылары қатысты.

Бұл шара жастарды руханиятқа ұмтылдыру, ана тілін білуге қазақтың қарымды  қаламгерлерінің  шығармашылығымен сусындауға, өз елінің тарихи тұлғаларын білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Оқырмандар кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен және мерейтой иелерінің шығармаларымен танысты . Кітапхананың оқу бөлімінде мерейтой иелерінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кітап –рухани құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған қайсар қаламгерлердің шығармаларын насихаттап, оқырманға кітап дейтін рухани дүниенің ұлылығын танытып, көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару , сонымен қатар Астананың 20 жылдығына, «Бір ел-бір кітап» акциясына ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныстыру болды.

WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.38.10 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.38.19 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.38.58 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.39.06 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.39.15 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.39.24 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.40.43

WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.49.55 WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.49.55(1) WhatsApp Image 2018-04-18 at 15.49.59