Кітапхана – әлеміне саяхат

2019 жылы сәуір айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана – әлеміне саяхат» атты оқырмандарға арналған библиографиялық  шолу ұйымдастырылды. Келген оқырмандар назарына 2019 жылы келіп түскен жаңа кітаптар ұсынылды.

Көрменің мақсаты: оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету; кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу; тіл байлығын дамыту; бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету.

Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық білім кітапта, 
Ерінбей оқып көруге - деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр - сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден - бір жолдың ордасы – кітапхана.

          Кітапхана – мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Саяхаттау соңында  оқырмандар назарына «Кітапхана – ғажайып қазына» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

1 2 3 4 5 6 7 8 9