Кітапхана адамзаттың рухани азығы

 

2019 жылдың 15 қазан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана адамзаттың рухани азығы»  тақырыбында   семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық №1,2 мектептің кітапханашылары қатысты. Бағдарламада семинардың міндет мен мақсаты белгіленді. Онда кітапханашылардың жаңа кәсіби сана-сезімін қалыптастыру, олардың кәсіби шеберлігін және креативті ойлау қабілетін шыңдау, ақпараттық мәдениетін дамыту, тәжірибе алмасу сияқты мақсаттар қойылған.

Семинар барысында кітапхана директоры П.С.Кенжебекова алғысөз сөйлеп, семинардың қандай бағыт ұстанғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар «Әлеуметтік серіктестік, кітапхана имиджі» туралы баяндама жасады. Семинар бағдарламасына сәйкес «Кітапхана- рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз» баяндамасымен әдіскер Ш.Козыгельдиева  ,  «Кітапханадағы өлкетану жұмысы: бастамалар, жетістіктер» баяндамасымен библиограф М.Айтжанова, «Кітапхана.Кітап қоры.Цифрлы Қазақстан» баяндамасымен ОКио кітапханашысы А.Исманбетова, «Балалармен жұмыс жасау: іс-шаралардың жаңа түрлері» баяндамасымен балалар кітапханасының кітапханашы Ф.Келешова, «Жастарды кітапханаға тарту: жаңа жолдары» баяндамасымен оқу бөлімінің кітапханашы Ф.Канагатова, «Кітапханадағы көпшілік жұмыстар» баяндамасымен оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Ж.Досмуратова баяндап берді. 

Семинарға қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кітапханашылар өздерінің  жұмысына пайдасы тиетін  көп қызықты және керекті материалдарды алды. 

DSC_0029 DSC_0031 DSC_0034 DSC_0045 DSC_0054 DSC_0058 DSC_0062 DSC_0064 DSC_0066 DSC_0082 DSC_0086 DSC_0087