Кітапхана-рухани қазына ошағы

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

2023 жылдың 24 қазан күні кітапханада кітап, кітап оқуды дәріптеу, кітапхананың оң бейнесін қалыптастыру мақсатында «Кітапхана-рухани қазына ошағы» ашық есік күні өтті. Жоспарланған шараға мектеп оқушылары, әскери қызметкерлер, мекеме қызметкерлері қатысты. Оқырмандар кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен танысып, сұрақтарына жауап алды

Күн кітапханаға саяхат жасаудан басталды, келушілер саяхат барысында кітапханаға кітап қалай түседі, оқырмандарға жету жолдары, олар қалай сақталады, және кітапты қалай таңдай алу керек екендігі туралы білді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы абонементтің кітап қоры, жаңадан келіп түскен әдебиеттер туралы айтып өтті.Саяхат кітап қорымен, кітапханалық көрмелермен танысуға мүмкіндік берді. Оқу залының кітапханашысы мерзімдік басылымдарға шолу жүргізіп, кітапхана қорына келіп түскен түсірілімдер туралы айтып берді. Оқырмандар кітапхана сайтымен, әлеуметтік желімен, электронды кітаптармен таныстырылды. 

Бұл іс-шараның әрбір қатысушысы « Приозерск қалалық кітапханасы»

флаерына ие болады (кітапхананы пайдалану ережесі,жұмыс уақыты,телефоны).