Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары»
2022 жылдың 20 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық №1,2 мектептің кітапханашылары қатысты. Бағдарламада семинардың міндет мен мақсаты: кітапханашылардың жаңа кәсіби сана-сезімін қалыптастыру, олардың кәсіби шеберлігін және креативті ойлау қабілетін шыңдау, ақпараттық мәдениетін дамыту, тәжірибе алмасу сияқты мақсаттар қойылған.
Семинар барысында кітапхана директоры П.С.Кенжебекова алғысөз сөйлеп, семинардың қандай бағыт ұстанғандығын тілге тиек етті. Семинар бағдарламасына сәйкес «Заман талабына сай ақпараттық ресурстардың дамуы» баяндамасымен әдіскер Ш.Козыгельдиева, «Кітапханалар және жаңа технологиялар; жетістіктерден жаңа бағыттарға» баяндамасымен библиограф Г.Мукышева, «Электронды каталог. Кітап қорының орналасуы, есебі және қойылуы» баяндамасымен кітапханашы Ж.Усаева, «Цифрлық дәуір талабы-заманауи кітапханалық қызмет» оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева, «Балаларды кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?» баяндамасымен балалар бөлімінің кітапханашы Ж.Кулмишева баяндап берді. Семинар соңында «Kahoot» және «Quiver» бағдарламалары арқылы ойын ойнатылды.
Семинарға қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кітапханашылар өздерінің жұмысына пайдасы тиетін көп қызықты және керекті материалдарды алды.