Кітапхана жұмысындағы заманауи үрдістер

2025 жылдың 16 қазан күні кітапханашылар арасында «Кітапхана жұмысындағы заманауи үрдістер» атты қалалық семинар өтті. Мақсаты: Кітапхана қызметін жаңғырту, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқырманға сапалы қызмет көрсету, заманауи үрдістер мен инновацияларды кәсіби тәжірибеге енгізу. Семинарды кітапхана директоры Кенжебекова П.С. ашып, кітапханадағы өткізілген іс-шараларға тоқталып өтті. Іс-шараға қала және мектеп кітапханаларының қызметкерлері қатысып, кітапханалық саланың жаңаша бағыттары мен инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесі талқыланды.
Семинар барысында әлеуметтік желідегі кітапхананың рөлі, цифрлық контент құру әдістері, оқырманмен интерактивті байланыс орнатудың заманауи тәсілдері жөнінде баяндамалар жасалды. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, өз кітапханаларындағы тиімді жобалармен бөлісті.