Кітапханадағы ғажайып түн

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 19 қыркүйек күні « Кітапханадағы ғажайып түн»тақырыбында дәстүрлі түрде бесінші мәрте «Кітапхана түні» әлеуметтік -мәдени акциясы кітапхананың ауласында ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту,сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру; оқуды қолдау,кітапқа деген қызығушылығын дамыту, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту; Акция алдында бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге салынып, хабарландыру жұмыстары жүргізілді.
Кітапхана алаңында : «100 кітап оқырман таңдауы», «Ертегі әлемі», «Мерейгер кітаптар», «QR код кітаптар» кітап көрмелері ұйымдастырылып, қатысушылар үшін әдебиеттерге шолу жүргізілді.
Әр бөлімде ерекше форматта өткізілген, оқырманға рухани білім мен демалыс сыйлаған тағылымды шаралар өз оқырмандарын қызықтырып, ерекше көңіл күйге бөледі.
Балаларға арналған арнайы ертегі оқылымы ұйымдастырылып, «Поле чудес», «Кім жылдам?», «Оқимыз, ойланамыз, ойнаймыз» сұрақ- жауап викториналар өткізіліп, жеңімпаздарға тәттілер, сыйлықтар берілді. «Жырмен тербелген түн» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Мақсаты:өлең құдіретін дәріптеп, жүрек қылын тербейтін жырларды бірге тыңдау, сезім мен шабытқа бөлену; «Ашық микрофон» айдарында оқырмандар сүйікті ақындардың өлеңдерін оқып, «Әдеби викторина» ойындарына қатысты. Сонымен қатар «Бұл кітапты кім жазды?» викторина, сұрақ-жауап, «Кітаптан қашқан әріптер» жасырын хат, «Тамшылар?» , «Цитата кімнен?» ойындары ойнатылды. Белсенді түрде қатысқан жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Кітапхана түніндегі барлық бағдарламаларға қала жұртшылығы белсене қатысып, кітапханада оқырмандар қатары жаңа оқырмандармен толықты. Ұйымдастырылған мерекелік шара қала тұрғындары үшін маңызды да қызықты демалыс кеші болып, қала тұрғындары алғыс білдіріп тарасты.