Кітапханашы – руханият шамшырағы
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар мерекесіне орай «Кітапханашы – руханият шамшырағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кітапханашылар еңбегін дәріптеу, оқырмандарды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды насихаттау және кітапқа деген қызығушылықты арттыру.
Кеш барысында кітапханашылардың қоғамдағы рөлі кеңінен айтылып, Ұлттық кітап күнінің маңызы насихатталды. Сонымен қатар «Артық ғылым – кітапта» апталығының нәтижелері сараланып, қорытындыланды. Белсенді оқырмандар «Үздік кітапқұмар – 2026» және «Менің сүйікті кітабым» номинациялары бойынша марапатталды. Іс-шараға қатысқан әскери бөлім сарбаздары да назардан тыс қалмай, кітап оқуға деген қызығушылықтары үшін арнайы марапаттарға ие болды. Кеш барысында көркем сөз оқылып, кітап көрмесі таныстырылып, мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара кітаптың адам өміріндегі маңызын айқындап, кітапхананың рухани орталық ретіндегі рөлін нығайта түсті.