Күй атасы- Құрманғазы

2023 жылдың 26 қазан күні Ұлттық саз өнерінің жарық жұлдызы, ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй атасы-Құрманғазы» музыкалық кеш өтті. Іс-шараға № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңінен мағлұмат алып, күйшінің күйлерінің шығу тарихымен танысты. Шара соңында «Күй атасы - Құрманғазы» кітап көрмесіне шолу жасалып,бейнеролик көрсетілді.