Ғұлама ғалым
Бүкіл саналы ғұмырын ана тіліміздің байлығын сақтауға, ғылым мен, техниканың қарыштап өскен кезеңінде уақыт талабына сай жаңа сөздермен, терминдермен жаңартуға өлшеусіз үлес қосқан жазушы, ғалым, аудармашы Ісләм Жарылғаповтың биыл туылғанына 100 жыл толып отыр.
018 жылдың 3 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Ғұлама ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Көрменің мақсаты: Ісләм Жарылғаповтың өмірі мен шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру.
Ісләм Жарылғапов (1918–1993) - 4 тамызда Жезқазған облысының Жаңарқа ауданындағы Бірлік ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ісләм Жарылғапов өте жоғары санаттағы аудармашы. Ол орыс және шет ел әдебиеттерін қазақ тіліне аударып, оқырманға тарту еткен жерлес жазушымыз. Ұлы Отан соғысына қатысып «Ұлы Отан Соғысындағы ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталған. Iсләм Жарылғаповтың "Үздік мұғалім", "Үздік мәдениет қызметкері", "Үздік баспасөз қызметкері" атақтары бар. Түрлі құрмет грамоталарымен наградталған.
Кітапханашы М.Айтжанова көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып , оқырмандарға түсінікті болу үшін өлеңдерін мәнерлеп оқып берді