Құланның ажалы

2023 жылдың 26 сәуір күні кітапхананың оқу бөлімінде жазушы Ақан Нұрмановтың туғанына 90 жыл толуына орай "Құланның ажалы» романына талдау  жасалды.  Жазушының «Құланның ажалы» романына талдау жасау, өмірі мен шығармаларын еске алу және дәріптеу; жас ұрпақтың  тарихи танымын кеңейте отырып, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа,  адамгершілікке,  елін сүюге тәрбиелеу  мақсатында өткізілген мәдени шараға  № 1 мектептің оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты.

«Құланның ажалы» тарихи роман. Жазушы Ақан Нұрманов романы әдебиетімізде Құлан секілді 1916 жылғы тарихи дүрбелеңге, одан кейінгі аласапыран оқиға - кеңестік саясатқа қарсы шығып, бұл оқиғаға белсене қатынасушылардың бірінің кейінгі тағдырын, өкінішті өмір жолын шынайы суреттеуімен құнды. Құлан - өмір шындығы, өмірде болған адам. Романының негізгі желісі - 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

Шара барысында оқушылар  жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алды.  Еліміздегі  1916-1919 жылғы тарихи оқиғалар желісіне құрылған,  қазақ халқының патшаға қарсы күресін шыншылдықпен суреттейтін көркем шығармаға оқырмандардың қызығушылығы жоғары болды.   Оқушылар «Құланның ажалы»  атты кітап көрмесіндегі жазушының шығармаларымен  танысты.