Латын әліпбиі –өркениет жолы

2019 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде  «Латын әліпбиі –өркениет жолы» атты ақпараттық шолу ұйымдастырылды.

Іс-шараға  № 1 мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

Іс шара барысында оқырмандарға  латын әліпбиі туралы презентация көрсетіліп,«Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты кітап көрмесі  оқырмандардың назарларына ұсынылды.

1