Жыр жүлдегері
Жазушы С. Ләмбековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр жүлдегері» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу:
Кеш барысында кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылық еңбектері туралы мазмұнды ақпарат беріп, қатысушыларға оның әдеби мұрасының ерекшеліктерін таныстырды. Сонымен қатар қаламгердің шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.