Ұлт жанашыры-Герольд Бельгер

2019 жылдың 28 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстанның Халық жазушысы, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы Герольд Бельгердің 85 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт жанашыры-Герольд Бельгер» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында кітапханашы Ф.Канагатова оқушыларға прозаик Герольд Бельгер туралы дәріс оқыды. Үш бірдей мәдениетті бір бойына тоғыстырып, саналы ғұмырын әдебиетімізге арнаған қазақтың Гер-ағасына айналған тұлғаның жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.Ол тек қана атақты прозаик емес, сонымен қатар,  әдеби сыншы және аудармашы, публицист, эссеист болған.

Танымдық сағат барысында оның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіліп,  «Үш мәдениеттің тұлғасы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

DSC_0059 17

DSC_0002