Ұлтқа адал өмір
2026 жылдың 19 ақпан күні жазушы Бексұлтан Нүржекеевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ұлтқа адал өмір» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: жазушының ұлттық рухты, елдік сананы қалыптастырудағы еңбегін насихаттау.
Іс-шарада кітапханашы жазушының өмірбаяны мен еңбек жолына шолу жасап, пікір алмасу, сұрақ-жауап ұйымдастырды. Бексұлтан Нүржекеев – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, ұлт мүддесін шығармашылығының өзегіне айналдырған қаламгер. Оның еңбектері жас ұрпақты елін сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндейді. Ақпараттық сағат оқушыларға рухани тәрбие беріп, жазушы мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік жасады.

