Ұлттық тағам-ұлт мақтанышы

21 Наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» орай кітапханада «Ұлттық тағам-ұлт мақтанышы» тақырыбында ұлттық тағамдардың ішіндегі дәмді де, сүйкімді тағам Ми палау дайындалды. Бұл да ұлттық тағамдардың ішіндегі тіл үйірер дәмділерінің бірі. Кітапханашы бұл тағамның жасалу жолымен бөлісті. Жасалу үшін піскен бастың құлағынан басқа бүкіл құйқасы, ұрт еттері, таңдайы, екі көзі, миы, сондай-ақ жұмсақ піскен бауыр, құйрық май пайдаланылады.

Алдымен бастың бүкіл құйқасы, ұрт еттері, екі көз, құйрық май, бауыр зерен кесеге ұсақталып туралады да ағаш қасықпен жақсылап езгілей отырып араластырылады. Содан соң бастың қарақұсы ашылып, әлі суый қоймаған миы әлгі өнімдердің үстіне салынады. Сондай-ақ ұсақталған пияз қосылады. Бұрышталып, керек болса аздап тұздалады. Сөйтіп ағаш қасықпен тағы бір араластырылады. Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.

https://www.youtube.com/shorts/uXkFi8Hyvko