Ұлттық валюта — төл теңге

      2025 жылдың 13 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта — төл теңге» тақырыбында тарихи-хронология өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы мен маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында: кітапханашы 1993 жылғы тарихи оқиға туралы және теңгенің шығу тарихын баяндап берді. Сондай –ақ «Төл теңге – тәуелсіздіктің нышаны» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, «Ұлттық валюта — төл теңге» атты кітап көрмесі таныстырылды.