Ұлы дала батыры

Қайсар қолбасшы, халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 235 жыл толуына орай кітапханада «Ұлы дала батыры» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: батырдың өмірі мен ерлік жолын дәріптеу, тарихи тұлғаның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында әскери бөлім сарбаздарына Исатай Тайманұлының өмірі, қолбасшылық қызметі және халық үшін жасаған ерліктері туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар батырдың өмірі мен дәуіріне арналған кітап көрмесі таныстырылып, тарихи әдебиеттер ұсынылды. Қатысушылар Исатай Тайманұлының ел тарихындағы орны мен ерлік өнегесі туралы танымдарын кеңейтіп, батырдың қайсарлығы мен отаншылдығын үлгі тұтуға бағытталған тағылымды ақпарат алды