Ұлы дала күйшісі

      Оқу бөлімі күйші, домбырашы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлы дала күйшісі» атты музыкалық кеш ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Қазақтың күй өнерін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау. Кеш барысында оқушыларға Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнер жолы туралы мәлімет беріліп, оның күйлері туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, күйші туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.