Ұлы даланың алып жыршысы
Биыл халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Айтулы датаға орай бүгін онлайн форматта «Ұлы даланың алып жыршысы» атты жыр кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың шығармалары арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру болып табылады. Жыр алыбының шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова халық поэзиясының атасы атанған Жамбылдың даңғыл жыраулығы, ұлы айтыскерлік мұрасы, күйшілік, жыршылық өнері, ғажап әңгімешілдігі, байтақ шежірешілдігі мен ақын жырларының шеберлігі жайында сөз қозғап, ақынның өмірі мен шығармашылығын әдебиеттану, тіл білімі және әдістемелік қырынан жан-жақты қарастырды.
«Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай!» Осылайша өлең-сөздерімен өмір өткелдерін аралап, ғасырға жуық жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармасы ұрпаққа өнеге. Баба сөзі – болашақта бағыт беріп, жол сілтейтін темірқазық іспетті. Ұлттың мәңгілік тұлғасы – Жамбыл Жабаевтың әдебиеттегі шығармашылық мұрасы жастарға өнеге, адамзатқа аманат.