«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»

Биыл  шығыстың ғұлама  ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Осыған орай, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың  бай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында  2020 жылдың 24 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шараға №2 мектептің 11 «б» сынып оқушылары және  сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі  Давлятярова Мария Баймуратовна    қатысты.

      Мақсаты: оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беру;

      Іс-шара барысында  оқушыларға ғалымның туған жері, өскен ортасы туралы таныстырылып, еңбектері жайлы мағлұматтар берілді .  «Ұлы бабаға тағзым»  презентация көрсетіліп,  іс-шара соңында  « Шығыстың ғұлама  ғалымы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

DSC_0099 DSC_0101 DSC_0107 DSC_0108 DSC_0111 DSC_0114 DSC_0117 DSC_0119 DSC_0122 DSC_0124