Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еткен ардагер-жазушы Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған кітапхананың оқу бөлімінде «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

     Мақсаты – жазушы Қ.Исабаевтың шығармалары арқылы ел қорғаған батырлардың ерлігін насихаттау, ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиелеу. Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, соғыс тақырыбындағы еңбектері талқыланды. Оқырмандар жазушы туындыларынан үзінділер оқып, ерлікке тағзым етіп, батыр бабалардың рухына құрмет білдірді. Шара соңында «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге қаламгердің шығармалары, естеліктері мен зерттеу еңбектері қойылды.