Ұлы ғұлама Марғұлан

2024 жылдың 14 мамыр күні №1 мектептің кітапханасында тарихшы, археолог Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына орай “Ұлы ғұлама Марғұлан" тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: тарихшының өмір жолынан мәлімет беру, жасаған ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, археологтың жүріп өткен жолдарын таныстыру, археологиялық олжаларын оқушыларға жеткізу, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Шара барысында оқушыларға тарихшы, археолог туралы дайындалған арнайы видеоматериалдар, тақырыптық слайдтар көрсетілді. Оқушылар Ә. Марғұлан туралы көп ақпарат ала алды, «Ұлы ғұлама Марғұлан» атты кітап көрмесі таныстырылды.