Ұлы қолбасшы Әмір Темір
2026 жылдың 23 қаңтар күні ұлы қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір Темірдің туғанына 690 жыл толуына орай 06708 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен «Ұлы қолбасшы Әмір Темір» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: мемлекет қайраткері Әмір Темірдің өмірі мен тарихи қызметі туралы кең мағлұмат беру. Оның әскери қолбасшылық қабілетін, мемлекет басқарудағы рөлін таныту арқылы тарихи тұлғаларға деген қызығушылықты арттыру, отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Кеш кітапханашының кіріспе сөзімен басталып, Әмір Темірдің өмір сүрген дәуірі мен тарихи кезеңіне қысқаша шолу жасалды. Оқырмандарға Әмір Темір туралы бейнематериал көрсетіліп, тарихи деректер мен қызықты мәліметтер ұсынылды. Іс-шара соңында Әмір Темірдің тарихтағы орны мен оның мұрасының маңыздылығы атап өтілді. Оқырмандар ұлы қолбасшының ерлігі мен даналығы жайлы мол ақпарат алып, тарихи тұлғаларға деген қызығушылықтарын арттырды. Танымдық кеш өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде қорытындыланды. Кітап көрмесі арқылы оның жорықтары, жеңістері, мемлекет басқарудағы саясаты таныстырылды.




