Ұлылар мекенінің тумасы

2018 жылдың 25 қазанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында қазақтың көрнекті қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 95 жыл толуына орай  «Ұлылар мекенінің тумасы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Кеш барысында кітапхана қызметкері Ж.Досмуратова қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Іс-шараның соңында жазушының шығармашылығына арналған «Шырағың сөнбесін» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

WhatsApp Image 2018-10-24 at 17.31.10 WhatsApp Image 2018-10-24 at 17.31.11 (2) WhatsApp Image 2018-10-24 at 17.31.11 WhatsApp Image 2018-10-25 at 10.16.19 (2) WhatsApp Image 2018-10-25 at 10.16.19 (4)