Мұқадес мұрасы

       2026 жылдың 18 ақпан күні жазушы Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Мұқадес мұрасы» атты әдеби портрет өткілді. 06708 әскери бөлім сарбаздары қатысуымен өткізілген іс-шараның мақсаты: жазушы мұрасын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, рухани тәрбиеге баулу.

      Кітапханашы жазушының қазақ әдебиетіндегі орны туралы қысқаша мәлімет беріп, оқырмандар арасында пікір алмасу ұйымдастырды. «Мұқадес мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Мұқадес мұрасы» әдеби портрет жазушының бай рухани мұрасын насихаттауға арналған тағылымды шара. Іс-шара барысында қатысушылар қаламгер еңбектерінің маңызын терең түсініп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.