Мәңгілік әуен шебері

Көрнекті композитор, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Латиф Хамидидің туғанына 120 жыл толуына орай «Мәңгілік әуен шебері» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Латиф Хамидидің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан зор үлесін дәріптеу, жастардың қазақ классикалық музыкасына деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және өнерді бағалауға тәрбиелеу. Кеш барысында қатысушылар композитордың өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның әйгілі туындылары туралы мағлұмат алды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.