Мағжан жыры-мәңгілік

2023 жылдың  22 мамыр  күні кітапхананың «Білім» орталығында  ақын, Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан жыры-мәңгілік» атты Мағжан оқулары   өтті. Байқауға қалалық мектептерден 12 оқушы қатысты.  Ережеге сай конкурс екі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқыды, ақынның өлеңдерін жатқа білетіндерін көрсетті. Мағжан оқуларының мақсаты - жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу; өскелең ұрпаққа ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту;

Нәтижесінде Мағжан шығармаларын жатқа оқу «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен  № 2 мектеп оқушысы Оспан Нұрай , ІІ дәрежелі дипломмен № 1 мектеп оқушысы Егінбай Ақниет, III дәрежелі дипломмен Жанаділ Аида марапатталды .

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»  бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен  №1 мектеп оқушысы  Әлімбек Ақниет , II  дәрежелі дипломмен  № 2 мектеп оқушысы Жеңіс Жанерке марапатталды.

Байқау жеңімпаздары арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.