Мемлекеттік рәміздер-биік мерейіміз
1 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қітапханашылары 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер - биік мерейіміз» тақырыбында №1 мектептің 10 сынып оқушыларымен патриоттық кеш өткізді.
Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, «Мемлекеттік рәміздер-биік мерейіміз» атты слайд көрсетілді. Іс-шара барысында тәуелсіз елдің ұлттық нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, оқушыларға Ата заң, Ту, Әнұран, Гербтің символикалық айырым белгілері туралы түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділікпен жауап берді.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпақтары Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз.