Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында патриоттық сағат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: балалардың туған жеріне халқына сүйіспеншілік сезімін арттыру; Мемлекеттік рәміздері құрметтеп, нағыз Отанның патриоты болуға тәрбиелеу.
Іс-шараға №1 жалпы білім беретін мектептің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында тақырыптық патриоттық бейнероликтер көрсетіліп, «Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі таныстырылды.