Менің қалам - Приозерск
2019 жылдың 25 шілдесінде кітапхана алаңында ашық аспан астында «Кітапханадағы жаз» жазғы оқу демалыс бағдарламасы аясында Қала күніне орай «Туған өлкем-неткен көркем» атты сурет салу байқауы өткізілді.
Мақсаты: балаларды елін, жерін, туған қаласын сүюге, отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу;
Байқауда 6-12 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысты. Балалар өз туындыларында Приозерск қаласының келбеті, табиғаты мен кең даласын, Балқаш көлі туралы суреттерін салды. Балалар әрқайсысы жеке жұмыс жасап, суретке деген өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар Қала күніне «Әсем қалам-жас қалам» презентация, «Менің қалам-Приозерск» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.